Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде лифтіде мерт болған тележүргізушінің ісі: Кінәлілер 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақтөбеде лифтіге қысылып мерт боған тележүргізуші айзат Әбдісаматтың өліміне күдіктілер Кенен Жаңабеков пен Жарылқасын Ақжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Айзат Әбдісамат

Ақтөбе қалалық сотында тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты іс бойынша жарыссөз өтті. Прокурор  өз ісіне салғырттық танытқан кінәлілерді бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Біз Кенен Жаңабеков пен Жарылқасын Ақжановты 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймыз. Олар минималды қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуі тиіс деп санаймыз», – дейді мемлекеттік айыптаушы Асхат Сәрсенбаев.

Жарыссөз барысында Кенен Жаңабеков өз кінәсін ішінара мойындап, кешірім сұрады. Ал Жарылқасын Ақжанов өзіне тағылған айыптаумен келіспей отыр.

Марқұм Айзат Әбдісаматтың күйеуі ештеңе айтпады. Жәбірленуші тарап моральдық өтемақы төлегені үшін, Кенен Жаңабековті бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал Жарылқасын Ақжановқа қатысты шешім сот қаралымында қалды.

Еске сала кетейік, 4 сәуір күні Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінде журналист Айзат Әбдісамат лифтке қысылып, көз жұмды. Тележүргізушімен бірге оның үш жасар қызы болған. Куәгерлердің айтуынша, лифт алтыншы қабаттан төмен түскен лифтінің есігі қайта-қайта ашылып қала берген. Есік жартылай ашылған шақта бүлдіршін сыртқа шығуға талпынған. Айзат қызының соңынан еремін деп ажал құшты. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау