Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде лаңкестерді ұстау операциясы «Пантера» дүкені жанында жүріп жатыр (видео)

Арнайы операция түннен бері «Пантера» дүкеніне жақын маңда жүріп жатыр. Алтынсарин мен Жанқожа батыр көшелеріне қарасты бір квартал қоршауға алынған.

бүлікшілер

Лаңкестерді ұстап, көзін жою тапсырмасы жүктелген операция  5 маусым күні тоналған қару сататын дүкендердің біріне жақын жерде өтіп жатыр,-деп жазды жергілікті «Диапазон» басылымы.

Жұма күні ертеңгісін  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі  күдіктілерді ұстау мақсатында Ақтөбеде арнайы оператция жүргізіліп жатқанын хабарлады. Террористерден бейбіт жолмен берілуді сұраған кезде, олар оқ жаудырып қарсылық білдірген.

«Арнайы операция  «Пантера» дүкеніне жақын маңда түннен бері жалғасып жатыр. Алтынсарин көшесі Жанқожа батырға дейін жабық»,-деп жазған «Диапазон» басылымы.


Басылымның ақпараты бойынша  арнайы операция  қылмыскерлер бес қабатты үйдің астындағы «Отырар» дүкеніне шабуыл жасаған кезде басталған.

«Кейінрек арнайы операция  орны «Пантера» дүкені жаққа қарай ауысты. Бұл жерде  арнайы жасақ жұмыс істеп жатыр. Көп қабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Жер үйдегілерге үйлерінен шықпау бұйырылды. Қазірге  берілуден бас тартып полицияға қарсы оқ атып жатқандардың саны белгісіз» делінген басылым аөпаратында.

 

 

Талқылау