Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде лаңкес пәтерді «Қызыммен демалу үшін үй керек» деп іздеген

[:kk]

Ақтөбеде «Отрар» сауда үйінің үстіндегі тұрғын үйде көздері жойылған терракт ұйымдастырушылар екі күн бойы жалдамалы пәтерде тығылған. Қалада үш нысанға шабуыл жасап, атыс ұйымдастырғандар кешкілік мұздай болып киініп шығып, пәтер іздеген.

лаңкес11 Бұл туралы stan.kz сайты  Ақтөбе жаңалықтары сайтына сілтеме жасай отырып жазады. лаңкес «Кешкілік сағат 11-ден кете екі бала келіп пәтер сұрады. Сөйлеген сөздері тәрбиелі, жақсы, таза киінген балалар. Келді де «Апа, бізге бір бөлмелі пәтер де жарайды. Ішінде су бар ма? Жуынайық деп едік» деді. «Иә, бар» дедім де, ақшаларын алып, қолдарына кілтті бердім», — дейді пәтер жалға беруші. Ақтөбе вокзалы маңындағы пәтер жалға беретіндер  өздерінің лаңкестермен кездескеніне әлі күнге сене алмай отыр. «Алғашында пәтерді бір күнге алды. Екінші күні тағы бір тәулікке қалатындарын айтты. «Онда ақшаларыңды төлей қойыңдар» деп үйге бардым. Ол төменге түсіп, үш мың теңгесін әкеп берді. Мен үйді бір қарап шыққым келген. Ол бала «Апа, үйде қызым бар, ұялады, кірмей-ақ қойыңызшы» деп қиылған соң, « жарайды» деп кетіп қалғанмын. Жап-жас, әдемі бала, сақал да жоқ.Қарапайым киінген. Сақалы барларға жоламаймыз, оларды пәтерге алмаймыз да. Пәтер жалдауға қаншама адам келіп жатады. Кейде тек қыз бен жігіт келіп пәтер жалдайды. Таңертең барсаң, ішінен 15 адам шығып тұрады. Алдап отырыс жасайтындар болады. Сондықтан оларды да қарап кеткім келген. Ол бала жалынып тұрған соң  «Шуламаңдар, үйді шашпаңдар, отырыс жасамаңдар» дедім. Ол бала «апа, қайдағы отырыс» деп қалған. Мен бұлай боларын қайдан білейін», -дейді лаңкестерге пәтерін жалға берген тұрғын. «Отрар» сауда үйінің үстіндегі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің қазіргі күні есігі мен терезесі бітелген. Тұрғындар пәтерге ішінде біреу қалып қойғандай үреймен қарайды. «Жалға берген пәтерімнің ішін оқиға болғаннан бері көрген жоқпын. Қазір сыртының өзі адам шошырлық болып тұр. Оларды ұстайтын кезде үйге екі шағын жарылғыш зат тастаған. Ол жақтың астан-кестеңі шығып жатыр. Енді қазір олар өлді деп жатыр. Маған кімнің келгенін де білмеймін»,- дейді пәтер жалдаушы. Сол үйдің тұрғындары оқиға болғанға дейін лаңкестердің бірі бұл үйде айлап пәтер жалдап тұрғанын айтады. «Осыған дейін Әлібек деген бала отбасымен пәтер жалдап тұрды. Әйелі орамал тағып, киініп жүреді. Бірақ оқиға болған күні олар көрінбей кетті»,-дейді сол маңдағы шағын дүкен сатушысы. Ал атысты көзімен көрген тұрғындар оқиғаны баяндауға қорқады. Сыбырласып сөйлесіп, қазір далаға шығудан қалғандарын айтады.  [:]
Талқылау