Ақтөбеде қызметкерін соққыға жыққан шенеунікті жұмысынан босату туралы шешім қабылданды

Ерлан Орынбаев халық алдында сыналды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік қызметтің Агенттігі қызметкерлерін ұратын адамға шенеуніктердің арасында орын жоқ екенін бірауыздан айтты.

Гүлмира Жидебаева есімді азаматшаны бастығы жұмыс орнында соққыға жыққан. Әйелдің айтуы бойынша, ол сол жағдайдан кейін есінен танып қалған.  2018 жылдың 19 қазанында басқарма бастығының орынбасары Орынбаев маман Гүлмира Жидебаева соққыға жығып, өлтірем деп қорқытқан.

Жидебаеваның арызы қолға алынып, қызуқанды орынбасарға қатысты қылмыстық із қозғалды. Тергеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Оның үстіне, Орынбаев пара алғаны үшін де күдіктеліп отыр.

Әдеп жайлы кеңесте бұндай жетекшілерден бірден құтылу керектігі айтылды. Сондықтан Орынбаевтың өз қызметінде қалмайтынына күмән жоқ.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр