Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қытайлық инвестордан жалақысын көтеруді сұраған мұнайшы күлкіге қалды

Мұнай бағасы құлдырағалы қыруар табысы азайған Ақтөбедегі қытайлық инвесторлар бүгін мүшкіл жағдайларын айтып жыларман болды. Қазіргі күннің өзінде өңірдегі алпауыт компаниялардың бірі «СНПС -Ақтөбемұнайгаздың» кірісі 35 пайызға азайыпты.

мұнайшы

Бұл туралы ктк арнасы хабарлады.

«Былтыр мұнай мен газ өндіру көлемін ұлғайтқан едік. Бірақ қара алтын бағасының арзандауының кесірінен тапқан пайдамыз азайып кетті. Соңғы 18 жылда мұндай қиын жағдайға алғаш рет тап болып отырмыз»,- «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюньжэнь

Дегенмен, қытайлар билікпен арадағы келісімге байланысты жұмысшылар санын қысқартпауға уәде беріп отыр. Шенеуніктер мұнай алпауыттарын қарамағындағыларға берілетін әлеуметтік көмектерді сақтап қалуға да әрең көндірген.

Жергілікті билікпен арада қойылған осы мемарандум көріп қуанған мұнайшылардың бірі тіпті жалақына өсіруді сұрап күлкіге қалды. Жұмысшыларымен бірге жарыса жағдай айтқан қытайлық инвесторлар, енді тек қара алтын құнының қымбаттауын тілеуден басқа амал жоқ деп отыр.
«Азық-түліктің қымбаттауына байланысты биылғы жылы айлық мәселесі көтеріле ме? Қанша пайызға?»,-дейді Мұнайшы.

« Өзіңіз ойлаңызшы, мұнай 30 пайызға түсіп жатыр. Біздің жағдайымызға қараңызшы…»,-деп күледі СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюньжэнь

Талқылау