Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қытай компаниясының жұмысшылары бірнеше айдан бері жалақы алмаған

Ақтөбеде төрт ай бойы еңбек ақы ала алмай жүрміз деген қытай компаниясының жұмысшылары бүгін ереуілге шықты. Айтуларынша, “КК МИК”  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екі вахтамен алмасып жұмыс істейтін барлығы 300- ге жуық жұмысшыға төрт ай бойы бір тиын бермеген. Оңтүстік Қазақстан облысынан Ақтөбеге нәпақасын табамыз деп  келгендер енді кімнен көмек сұрарларын білмейді.

актобе кытай жумысшылар

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Төрт айдан бері далада қаңғып, ақысыз жұмыс жасап келдік деген “КК МИК” компаниясының 100-ге жуық жұмысшысы ақыры бүгін жұмыстарын тоқтатты. Алғашында әрқайсысына 100 000 -нан  200 000 теңгеге дейін жалақы уәде етіп шақырған қытайлық  компания өкілдері “бізді енді құл есебінде жұмсап отыр” дейді. Жұмысшылардың айтуынша, жұмысқа кіргелі компанияның құрылтайшысы қытай азаматымен тілдеспек түгілі әлі жүзін де көрмеген. Жұмыс беріп жұмсағанда жүретін бергі жақтағы басшылардың бәрі, енді ақша сұрап, жалақы талап еткенде бастарын алып қашқандарын айтады.

«Қазақстан Республикасының заңы жүрмей жатыр бұл жерде. Айлығымызды ала алмай жатырмыз қазір. Қытайдан келіп басынып отырғаны осының бәрі. Біздің заңымызға мойын бұрмайды да. Бағынбайды да. Бізді кім қорғайды сонда Қазақстан елінің азаматын», – дейді жұмысшылардың бірі Қайрат Болатов.

Жұмысшылардың айтуынша, қазір олар жер астында мыс шығаруға дейінгі қазба дайындық жұмыстарын жасап жатыр. Алайда осы күнге дейін еңбегімізге бір тиын төлемесе де жұмысты тоқтатқан емеспіз дейді. Алайда жұмыс берушілердің жалақыны ай сайын аударып отырмыз деген уәждерін жұмысшылар өтірік дейді.

«Өтірік бәрі. Мен вообще алған жоқпын. Декабрь, январь, февраль, март воощбе алған жоқпыз. Әшейін өтірікті айтып жатыр ана кісі», – дейді жұмысшы Әли Ергенов.

Алғашында жұмысшылардың еңбек ақысын уақытылы төлеп отырмыз деген басшылық артынша кінәларын мойындады. Ереуілге шыққан көптің көзінше мамыр айының 10 -на дейін бүкіл қарыздан құтыламыз деп сөз берді.

«Қазір данный момент ондай возможность болмай тұр. Сіздерден ешкім қашып кетіп жатқан жоқ. 10 – майға дейін барлық айлықтарын төлеп береміз», – дейді “КК МИК”ЖШС бас директорының көмекшісі Ернур Халтаев.

Басшылықтың әр ай сайын беретін уәдесіне тойған жұмысшылыр енді бір екі күннің ішінде ақшадан хабар болмаса, шахтаның астына түсіп, аштық жариялаймыз деп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды әкімі тасқыннан зардап шеккендерге сәл шыдай тұруға кеңес берді

ОҚО-да 1-топтағы мүгедек он жылдан бері жәрдемақы алмаған

Депутат Петропавл вокзалының Мәскеу уақытымен жұмыс істейтініне наразылық білдірді

Ақтөбеде теріс діни ағымның мүшелері екі қызды зорлап кетті

Талқылау