Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қылмыстық топтарға қару жеткізбек болғандар ұсталды

Ақтөбеде қылмыстық топтарға қару жеткізбек болған екі адам ұсталды. Олардың жолын кесуге Ұлттық қауіпісіздік комитетінен бастап, Ішкі істер мен кіріс департаменттерінің мамандары да тартылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ұсталған 40 және 45 жастағы ақтөбеліктерден 11 «Байкал» тапаншасы, 600-ге жуық оқ дәрі табылды. Бұл қаруды олардың нақты кімге жеткізбек болғанын тергеушілер айтпай отыр. Сонымен қатар қанша қару-жарақты сатып үлгергендері де белгісіз. Күдіктілер қазір қамауға алынған. Сотқа дейін сонда отырады. Кінәлері дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда биыл 11 рет теракт жасалмақ болған

Биыл қазақстандықтар ғаламтордан нені көп іздеді?

Жақындары 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірген азаматтың қатаң жазалануын сұрайды

Олар мені ұсқынсыз дейді: Голливуд жұлдыздары мектепте қорлық көріп жылаған баланы қолдап жатыр (видео)

Талқылау