Ақтөбеде курстастар бір бойжеткенді жабылып зорлаған

Сенбі, 23 Шілде , 2016 16:22

Ақтөбеде курстас достар жиналып, кездесуді атап өту үшін пәтер жалдаған. Сол пәтерде екі жігіт бойжеткен қызды зорлаған.

0303_2

Бұл туралы  Керек-инфо хабарлайды.

Оқиға 13 шілдеде таңертеңгі сағат 5-7 шамасында болған. Сот құжатына сәйкес, түнгі сағат 11 шамасында жігіттер Қарғалы ауылы Сәтбаев көшесі бойында тұратын курстас бойжеткен қызға келеді. 21 жастағы жігіт “кездеспегелі көп болды ғой” деген сөзден әңгімені бастайды. Сөйтіп олар қызды өздерімен бірге көңіл көтеріп, қыдыруға шақырған.

Сыра ішу барысында “тым кеш болып кетті ғой, бір жерден пәтер жалдап, түнейік” деген алдау сөзді желеу етіп, әлгі екі жігіт бойжеткен қызды 8-наурыз көшесі бойында орналасқан №6 үйге алып барады.

Қыз өзінің курстас достарынан еш қауіптенбей, солардың арттарына ереді. Қыздың масаң күйде болғанын пайдаланып, екі жігіт өз арам ниеттерін жүзеге асырмақшы болады. 21 жастағы жігіт қызды қонақ бөлмеде орналасқан төсекке жатқызып, оны еркінен тыс зорлаған.

Ал қорғаушы-адвокаттың айтуынша, қыз бірінші кезекте бір жігітпен төсектес болуға келіскен. Содан кейін екінші жігіт бейжай қарай алмай, ол да жыныстық қарым-қатынасқа түскісі келеді. Екінші жігіттің араласқанын қаламаған қыз екінші күні екеуінің де үстінен полицияға шағым түсіреді.

15 шілде күні қылмыстық әрекет жасаған жігіттерге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қанағаттандырылды. Адвокат тергеушінің өтініш хатына қарсылық білдірді. Ол күзетпен ұстау бұлтартпау шарасынан жеңілдеу бұлтартпау шарасын қолдануды сұрады.

Сондай-ақ ол соттан күдіктіні кепілдікке шығаруға өтініш білдірді. Алайда №2 қалалық сот қаулысында күдікті азаматтар 14 қыркүйекке дейін уақытша қамау абақтысында отырады делінген.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда түрмедегі әйелді зорлады деген күдікті мекеме қызметкері қамауға алынды

Шымкентте өз қызын зорлады деп айыпталған ер адам екінші мәрте ақталып шықты

Катарда өзін зорлады деп арызданған голландық қызды қамауға алды

Ақмола облысында екі ер адам мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар