Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде құбыр жарылып, үйлердің ішіне дейін су кіріп кеткен

Ақтөбеде қаланың қақ ортасындағы құбыр жарылып, он шақты үйді су басты. Қазір жедел топ құрылып ақауды жөндеуге кіріскенімен, бірнеше жерден тесілген құбырды бітеу мүмкін болмай отыр, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

ллл

Су қатты қысыммен тас жолды да тесіп шығып, бірден сол маңдағы аулаларға жайылып кеткен. Құтқарушылар келгенше  тұрғындар  өз беттерімен тасқынды бөгемек те болыпты. Бірақ құбырдан шыққан су үйдің ішіне дейін кіріп, кілемдер мен төсек-жаймалары қалқып шыға келген. Қазір коммуналдық мекеме келген шығынды есептеп жүр. Кейін оны өтейтіндерін айтып сендірді олар. Дегенмен үйлерін су басқан жұрттың коммуналшыларға өкпелері қара қазандай. Себебі жауапты мамандар апат болған жерге үш сағат салып әрең жеткен көрінеді.

“Су кетіп жатқанда құбыр жарылып келетін адамдар, тоқтатын адамдар болған жоқ. Біраз уақыттан кейін келді. Содан ойлай беріңіздер қалай ол?”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыныҚазихан Балдайыров.

Талқылау