Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде кран жүргізушісі қатты соққан дауыл кезінде ғажайыптың күшімен аман қалды (видео)

Ақтөбеде қатты соққан желдің кесірінен құрылыс краны үйлерге қарай құлаған. Ал Меңдібай Молдагереев болса, өз кранын биіктікте күшпен ұстап, оқиғаны тіпті видеоға түсіріп те үлгерген.

Безымянный

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Видео тура кран кабинасының ішінен түсірілген. Онда видеоға түсіріп тұрған ер адам болып жатқан дауылдан қорқып, Аллаға жалбарына дұға оқып жатады.

“Мен көліктен плиталарды түсіріп жатқанмын. Бір кезде кенеттен жел басталып, кетіп ол секундына 20-30 метр жылдамдықпен соға бастады. Мен телефонды алып видеоға түсіре бастадым. Ал секундына 50 метрмен соға бастағанда бұл шындығында қорқынышты болды. Кран жан-жаққа қарай тербеліп, құдды құлап кетердей күй кештім. Тепе-теңдік сақтау үшін кранды оңға-солға бұрай отыра, басқара бастадым. Ал бәрі басылған кезде мен өмірімді тәуекелге тіккенімді түсіндім”, – дейді ол.

Ол оқиғаны неліктен видеоға түсіргенін де айтып берді.

“Төтенше жағдайлар басқармасының болжамынан жел жылдамдығы асып кетсе мен үнемі оны видеоға түсіріп аламын. Олар әдетте жел секундына 15-20 метрмен соғады дейді, ал сол күні 30 бен 50-дің аралығында болды. Ал видеоны мен желіге жүктегім келмеген”, – дейді Меңдібай аға.

Жел басылған соң ол жұмысын жалғастыра беріпті. 30 жылдық тәжірибесі бар ол, қытайлық крандармен 25-қабатты үйге материалдар шығарған.

Оқи отырыңыз:

ЭКСПО-ға миллионыншы болып билет сатып алған азамат көрмені тамашалады

Қарағандыда белгісіз біреулер ауру әйелді жұмысқа салып, мазақ етіп келген (фото)

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қыз балалар туралы айтқан хадистері

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 77 жасқа толды

Талқылау