Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде көшедегі жүргіншілер жас қызды ұрлықшылардың құрығынан арашалап қалды

Ақтөбеде көшеде кетіп бара жатқан адамдар жас қызды оны алып қашпақшы болғандардың құрығынан құтқарып қалды.

1401619

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

20 жастағы студентті ұрлау оқиғасы кешкі сағат 18:00 кезінде Орталық базар аумағында болған. Екі жас жігіт қызды күштеп көлікке отырғызуға әрекет жасапты. Оқиғаны көрген адамдар қызды арашалап, полиция шақырған.

“Хромтаулық 21 жастағы жігіттер ұсталды. Олардың бірі қызға үйленгісі келгендіктен, алып қашпақшы болыпты,” – деп хабарлайды құқық қорғаушылар.

Ал қыз жігіттерді танымайтын болып шыққан. Қазіргі таңда “адам ұрлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Талқылау