БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде көпбалалы аналар әкімдікке жанайқайын жеткізіп, баспана сұрады

Бүгін Ақтөбеде батыр аналар әкімдікке барып, қиын жағдайларын жайып салды. Оларды жергілікті әкімдіктегілер жылы қарсы алды. Қаланың қос ауданының әкімдерінен бастап, әлеуметтік салаға жауапты шенеуніктер де осы жерден табылып, аналардың жанайқайын тыңдады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбеде көпбалалы аналар бас көтеріп, әкімдіктен баспана сұрады

Әкімдіктегілер таң атқаннан облыстық әкімдік алдына жиналған көпбалалы аналарды ішке кіргізіп, бәрін қабылдап, мәселелерінен хабардар болды. Жергілікті әкімдікке көмек сұрап келгендердің дені баспана мен атаулы көмек мәселелерін көтерді. Көпбалалы аналардың сөзінше, мемлекеттен жәрдемақыға қол жеткізу үшін жағдайының жоқ екенін шенеуніктерге құжат арқылы дәлелдеу оңайға соқпайды.

Өңірдегі батыр аналардың мәселелерін тыңдаған әкімдіктегілер баспана мәселесінің бірден шешілмейтінін мойындап отыр. Себебі аймақта 9,5 мың көпбалалы ана болса, олардың тең жартысы тұрғын үй кезегінде тұр.

«Көпбалалы анамын. Тоғыз балам  бар. Біреуі   қайтты. Аралары бір жыл болмай жолдасым қайтты. Бір бөлмелелі болса да баспана мәселесін шешіп берсе екен», – дейді көпбалалы ана Базаргүл Досанова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр