Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде көңілдесімен төсектес болған ер адамға жаза кесілді

Ақтөбеде бизнесменнің көңілдесімен төсектес болғанын түсіріп алып, одан осы видео үшін 4 миллион теңге талап еткен. Бопсалаушылар осылайша жоқ жерден ақша жасамақ болыпты.

a82c88e1b6c0b9ebbca369fd24b02162

newsvo.ru

Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

Ер адамның көңілдесімен жыныстық қатынасқа түскен бейнежазбасы үшін жасалған сот отырысы жабық режимде өтті.

Бейнежазба үшін бопсалаушылар өзінің қалталы танысынан 4 миллион теңге талап еткен. Бақуатты ер адамның әйелінің қолына күйеуінің сайран салып жүрген видеосы тимеген.

Мемлекеттік айыптаушылар бопсалаушылар үшін 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Алайда сот басқаша шешім қабылдап, олардың әрқайсына 6 жылдан шартты түрде жаза берді. Қылмыстық істің жабық ақпараттық режимінің арқасында даулы видеоның құрбанына айнала жаздаған ер адамның басы шатылмай, отбасының берекесін сақтап қала алды.

Талқылау