Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде көлікжайдан 15 миллион теңге тауып алған азамат сотталды

Осынша ма қаржыны иемденген азамат құқықбұзушылық жасап, полицияға ұсталмай тұрып бастапқы соманың 4 миллионға жуығын жаратып тастаған,-деп хабарлайды times.kz сайты.

тиыналтын

Өткен жылдың қазан айына дейін 22 жастағы азамат көлікжайларды тінтіп, қолына түскенді сатып күн елткен. Ол көліктің қосалқы бөліктерінен бөлек керексіз темір-терсектерді өткізіп ақша жасап жүрген.

Сондай күндердің бірінде №7 көліктұрағы кооперативінде жігіт қазына тауып алады. Ол қозғап қалған май құюға арналған темір ыдыстың астынан 15 миллион теңге тауып алады. Жеке кәсіпкер жақын күндердің бірінде несие алып, оны үйіне көтеріп баруды қауіпті санаған. Содан келіншек көлікжайда тұрса қауіп жоқ деп білген.

Ұры да сол аралықта тауып алған миллиондарының құрлыс басында қалғанын дұрыс көреді. Жігіт бірнеше ай бойы тауып алған ақшаға қалағанынша өмір сүреді. Бірақ, көп ұзамай ол заңбұзушылық жасап жергілікті полицияның назарына түседі.

Істі қараған судья Алима Адилова ұрыны 5 жылғажалпы режимдегі колонияда жазасын өтеуге үкім шығарады. Сондай-ақ, ұры осыған дейін жаратқан 4 миллион теңгені кәсіпкерге қайтаруға міндеттеледі.
айыпты сот кезінде ақша тұрған жерді көрсеткеннен кейін 2 миллион теңге жоқ болып қалғанын айтқан. Бірақ сот, полицияның қомақты қаржының бір бөлігін алды деген айыпталушының сөзіне дәлел таппай,оның шағымын елеусіз қалдырады. Қалған 11 миллион мен ұры сатып алған қымбат телефон, телевизор кәсіпкер келіншекке қайтарылған.

Талқылау