Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде көліктерді тонаушы полициядан шыға салысымен қайтадан ұрлық жасаған

4 мамыр күні түнде полиция “Фольксваген-Пассат” көлігінен автомагнитол мен планшетті ұрлап жатқан 35 жастағы қала тұрғынын қылмыс үстінде ұстайды. Күдікті бірден полиция бөлімшесіне жеткізілген.

20160507122118

Сурет inform.kz

Оның әрекетіне байланысты ҚР ҚК “Ұрлық” 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тиісінше оны “ешқайда кетпеу туралы” міндеттеумен үйіне босатқан. Бірнеше сағат өткен соң жол-патрулдік полиция батальонының қызметкерлері өздері әлгінде ғана ұстаған күдіктінің “Фольксваген-Транспортер” микроавтобусын ашып радарға қарсы құрылғыны ұрлап жатқан жерінен ұстап алады.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу кезінде күдікті Ақтөбе қаласы аумағында тағы төрт қылмысқа барғанын мойындады.

Талқылау