Ақтөбеде қоғамдық көліктердегі тегін жолақы мәселесі шешімін табар емес

Жұма, 8 Қаңтар , 2016 21:59

Ай сайын зейнеткерлер мен мүгедектер, студенттерге қолдарына ұстататын болған өтемақы әлі қай жолмен жететіні белгісіз. Өйткені қалалық маслихат депутаттарының бұл ұсынысын Әділет орындары заңсыз деп тауып қабылдамай тастаған.

123456

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Тоғыз жылдан бері қоғамдық көлікте тегін жүретін зейнеткерлер мен мүгедектерге былтырдан бастап, жолақы үшін қаражат қолдарына төленетін болды.  Қараша айында қалалық маслихат депуттаттары өтемақыны зейнеткерлерге, мүгедектер мен студенттерге ай сайын 1100 теңгеден аударатындығын жариялаған. Ал асыраушысынан айырылғандар 1500 теңгеден алу тиіс-ті. Оны естіген халық жапа тармағай құжат жинап, қырғын болған-ды. Сөйтсе, босқа жүгірген екен.

Ал өтемақыны ай сайын төлеуді әділет орындары заңсыз деп тауып, ұсыныс қабылданбаған. Енді шенділер бұл көмекті халыққа төлеудің басқа жолдарын іздеп жатыр. Бірақ бұл өтемақы енді жылына бір рет наурыз айында төленетін болады. Әуелгіде айтылғандай бұл көмекті барлық зейнеткер ала алмайды. Тек ең төменгі зейнетақы алатындар, төрт баладан астам кәмелетке толмаған баласы бар  отбасылар, кәмелетке толмаған көп балалы отбасылардың орта, арнаулы , жоғарғы оқу орындарында оқитын балалары барларына ғана төленуі мүмкін.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар