Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде клиникада дәрігерді пышақтап өлтірмекші болған ер адам босатылды

Ақтөбеде клиника дәрігерін пышықтап өлтірмекші болған науқасқа қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеп.

Ақтөбеде клиникада дәрігерді пышақтамақшы болған ер адам босатылды

Оқиға маусым күні сағат 12: 00-де Ақтөбедегі «Отбасылық емханада» болды.

Учаскелік дәрігер Дмитрий Бабич әдеттегідей қабылдау жүргізіп отырған кезде кенеттен бір адам бөлмеге кіріп, пакеттен пышағын шығарып оған шабуылдаған. Ер адам дәрігердің сол жақ бел тұсына пышақ сұғып алып, оны өлтіретінін айтып айқайлаған. Ал жарақат алып, қансыраған дәрігер өзіне шабуыл жасағаннан науқастан әрең қашып құтылды. Сол сәтте медбике оның соңынан жүгіріп, науқасты бөлмеге қамап үлгерді. Осыдан кейін оқиға орнына полиция және жедел жәрдем қызметі шақырылды.

Бір ажалдан аман қалған дәрігер бел тұсынан және шынтағынан пышақ жарақатын алды. Дәрігерге шабуыл жасаған науқас бұған дейін Бабичтің қабылдауда болған екен. Бірақ, оның бүйрегінде қиындықтар болғандықтан, дәрігер оны басқа маманға жіберген. Ал, келесі күні науқас дәрігерге келіп, пышақ ала жүгірген.

Шабуылдаушы бірден қамауға алынбады. Ол төртінші қабаттан секіріп, өзіне қол салмақшы болды. Ғираттың төртінші қабатынан секіріп кеткен ер адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Жақында сот осы қылмысқа қатысты үкім шығарды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам «адам өлтіруге әрекет жасау» бабы бойынша айыпталды. Сараптама қорытындысы бойынша, жәбірленуші сол жақ белінен және шынтағынан жеңіл пышақ жарақатын алған. Шабуылдаушы оның бақылауынан тыс жағдайларға байланысты ғана қылмысын соңына дейін жасап үлгермеді.

Алайда, сот психо-психиатриялық тексеру науқасты ақыл-есі кем деп таныды. Қазір ол басқа дәрігерде емделуде. Осы жағдайларға байланысты, сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, қылмыстық іс тоқтатылды. Ал науқас тұрғылықты жеріндегі психиатр дәрігерден амбулаториялық ем алуда.

Естеріңізде болса, Ақтөбе поликлиникасында науқас дәрігерді пышақтап кеткен болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау