Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері танысын өзінің жыныс мүшесін ұстағаны үшін өлтіріп тастады

Ақтөбенің Ембі қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері К.Артур өзінің танысын өлтіріп тастаған. Ендігі оған қатысты сот үкімі шығып, 8 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері танысын өзінің жыныс мүшесін ұстағаны үшін өлтіріп тастады

Іс материалдары бойынша, оқиға биылғы жылдың наурыз айында орын алған. Халлықа қызмет көрсету орталығының бір топ қызметкерлері әріптесінің жұмыс орнының ауысуын атап өтіп, ішімдіктен ұрттаған екен.

Көңілді кештен кейін олар отырысы ортақ танысының үйінде отырысты жалғастырған. Отырыстан кейін 30 жастағы сотталушы танысына өз үйінде қонуды ұсыныпты. Алайда түн ішінде жәбірленуші мас күйінде оның жыныс мүшесін ұстаған. Өз кезегінде Артур орнынан атып тұрып, оны ұрып-соғып, далаға шығарып тастапты. Таңертең жұмысқа бармақ болған ол танысының далада ес-түссіз жатқанын көреді. Алайда оны үйге кігрізіп, әрі қарай жұмысына кетіпті.

Біраз уақыттан кейін сотталушыға анасы хабарласып, үйдегі танысының қимылсыз жатқанын айтқан. Мұнан соң Артур үйіне қайтып келіп, полиция шақырыпты.

Полиция аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ал өз кінәсін мойындап, кешірім сұраған Артур 8 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

«К.Артур Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі деп белгіленсін. Жәбірленушінің пайдасына 2 миллион теңге моральдық залал, мемлекет пайдасына 650 мың теңге сот шығыны өндірілсін»,- деді сот төрағасы А.Мусина.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау