Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қала әкімінің орынбасары жүзге келген кейуананы құттықтады (фото)

Тыл еңбеккері Әсия Саринаны 100 жылдық мерейтойымен қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева құттықтады.

Ол туған күн иесіне гүл шоғы мен торт сыйлап, мықты денсаулық пен жанұясына бақыт тіледі. Ал қария өз кезегінде құттықтаған адамдарға ақ батасын берді.

Әсия Сарина жүз жылдығын балаларымен, немерелерімен, шөберелерімен, неменелерімен бірге қарсы алды. Ақ жаулықты ана – тыл еңбеккері, майдангердің жесірі, наградалары бар.

Өмір бойы Ембі стансасында теміржолда жұмыс істеді. Төрт баланы тәрбиеледі. Бір қызының қолында тұрады. Қария көру қабілетінің нашарлағаны және аяғы ауыратыны жайлы айтты.

Әсия – 100-ге келген 22 ақтөбеліктің бірі. Олардың қатарында төрт ер адам бар, атап өту керек, олардың екеуі соғысқа қатысқан. Жүзге келген қариялардың барлығы коммуналдық қызмет бойынша жеңілдікке ие және мемлекеттік арнайы жәрдем алады.

20151211183940

20151211183951

20151211183931

Талқылау