Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іздеуде жүрген лаңкестің бауыры одан полицияға берілуін сұрап, үндеу жасады (видео)

Ақтөбедегі атысқа қатысты іздеуде жүрген лаңкестің ағасы оның полицияға берілуін сұрап, видеоүндеу жолдады. Үндеуде іздеудегі Дмитрий Таңатаровқа қатысты айтылған.

Безымянный

Видеоны “Одноклассники” әлеуметтік желісінде іздеуде жүрген лаңкестің бауыры Владимир Таңатаров жүктеді.

“Дима,  сені уайымдап жатырмыз. Таня әпкең де уайымдап, қазір жүрегі ауырып жатыр. Барлығымыз сені жақсы көреміз. Сені ренжіткен болсақ, кешір. Саған әрқашан жақсылық пен бақыт тіледік. Сен үшін көп адам құдайдан медет тілеп отыр. Өтінемін, өз ісіңе өкініп, берілші. Қарудан бас тарт, таста. Жаныңдағылардың барлығынан қаруды тастауын сұрашы. Беріліңдер”, – дейді Владимир Таңатаров видеода.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Бүгін ел тұрғындары қаза болған боздақтарды аза тұтып жатыр. Кеше қалада қаза болған бейбіт тұрғындарды ақтық сапарға шығарып салды. Құқық қорғаушылар іздеу жарияланған 6 күдіктіні тапқан адамға сыйақы тағайындалатындығын айтты.

Талқылау