Ақтөбеде іздеуде жүрген ең соңғы террорист ұсталды

Жексенбі, 12 Маусым , 2016 13:01

Ақтөбеде іздеуде жүрген ең соңғы лаңкес Арсен Таңатаров ұсталды деп хабарлайды ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

photo_26745

Іздеуде жүрген лаңкестің бауыры одан полицияға берілуін сұрап, үндеу жасаған еді.

Іздеуде жүрген содырдың бірін ақтөбеліктер көше ортасынан көргенін айтқан.

Ақтөбе облыстық терроризммен күрес бойынша жедел штабы жүргізген іс-шаралар нәтижесінде қалған қылмыскерлердің Жаманқұлов – Пушкин көшелері қиылысы аумағында болуы ықтимал деген ақпарат алынды.  Тексеру барысында ақпарат расталды.

Қабылданған шаралармен Бақыт Қуанышбаев,  Арсен Таңатаров және  Әлібек Ақпанбетов ұсталды. Ақпанбетов қашуға әрекет ету барысында аяғына оқ тиіп жараланды.

Терроризмге қарсы іс-қимыл аясындағы заңнамаға және террорға қарсы операция режиміне сәйкес Жаманқұлов көшесіндегі № 15 тұрғын үйде фильтрациялық іс-шаралар жүргізілді.

Террористерден 5 маусымда «Паллада» дүкенінен ұрланған  2 қару алынды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Террорға қарсы орталығының Ақтөбе облыстық терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб күштері іздеу жарияланған лаңкестер Б. Қуанышбаев пен А. Ақпанбетовтің қолға түскенін хабарлаған еді.

20160612033848

Бейбіт тұрғындар арасында құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. «Толық мәлімет қосымша хабарланады», делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде діни жиындардың дін мекемелерінен басқа жерде өткізілуіне заңмен тыйым салынбақ

Дін істері комитеті елімізде салафизмге тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр

Ақтөбедегі лаңкестерді ұстаған арнайы операция туралы тың деректер пайда болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар