Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде инспекция басшысы қоластындағы әйел қызметкерді ұрып-соқты

Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық инспекция басшысының орынбасары Ерлан Орынбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Әдеп жөніндегі кеңес шенеунікке қатысты істі қарады.

«Тексеруді инспекция бастығының орынбасары Ерлан Орынбаев жүргізді. Өтініш берушінің айтуынша, 2018 жылдың 19 қазанында басқарма бастығының орынбасары Орынбаев маман Гүлмира Жидебаева соққыға жығып, өлтірем деп қорқытқан. Орынбаев өзінің кінәсін мойындамайды. Әріптестері басшының қызметкерді ұрғанын растап отыр. Оқиға орнына полиция және жедел жәрдем шақырылды. Сот-медициналық сараптама барысында жәбірленушінің басы мен иығының соққы алғаны анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып жатыр », – деді Ақтөбе мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бас маманы Нұрхат Мұңайтпасов.

Әкім әдеп кеңесіне келіп, пікірін айтты. Ол Жидебаеваның сөзін теріске шығарды.

«Ол мен туралы жалған ақпарат беріп жатыр. Мен онымен 1999 жылдан бері бірге жұмыс істеймін. Ол маған дауыс көтеріп, маған қалын ала жүгіргенде ұстап қалдым», – деді Ерлан Орынбаев.

Гүлмира Жидебаеваны кеңестен әділ шешім қабылдауды сұрады. Әдеп кеңесі Ерлан Орынбаевтың орнынан түсуі туралы бірауыздан шешім қабылдады. Қазіргі уақытта Ұлттық бюро аймақтық кеңсесі қылмыстық істерді тергеуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр