Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде есірткі шеккен жүргізуші полицейлерге пышақ ала жүгірді (видео)

10 қыркүйек күні 44 жастағы ер адам полицейлерге шабуылдамақ болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Полицейлер көлік жуу бекеті маңында екі көлікке зақым келтірген ”Ланд Крузер- 200” маркалы көлігін байқап қалады. Полцейлерді көрген көлік жүргізушісі оларға пышақ ала жүгірген. Бастапқыда пышақпен қорқытпақ болған ол кейін қашуға ұмтылды.

“Жүргізуші пышақ қолданып, күш көрсетті. Оның өзгелерге зиян келтіретінін білген соң полицейлер аспанға оқ атып, оны ұстады”, – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат 44 жаста, бұрын сотталған. Ұстау кезінде есірткінің күшінде болған. Бейресми дерекке сүйенсек, ер адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. 

Қазір оқиғаға қатысты “Билік өкіліне күш көрсету” бабы бойынша тергеу жүруде. Күдікті изоляторға қамалды. 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау