Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ер адам 8 наурыз қарсаңында өзінің «әйел» екенін білген (фото)

Ақтөбе қаласының тұрғыны Юрий Пупыкин ерекше жағдайға тап болды. Өткен жылдың қарашасынан оның кәсіпорнының «1С-бухгалтерия» бағдарламасы одан салық төлемдерді алуды доғарған.  Оның себебі жуырда ғана анықталды.

20160309182603

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Юрий Пупыкиннің жеке куәлігінде қате кеткен: «ұлты» жолында «русский» дегеннің орнына  «русская» деп жазылып кеткен. Сөйтіп бағдарлама автоматты түрде құжат иесін әйелдердің қатарына қосып жіберді.

20160309162235

 

2015 жылдың қазанында  Юрий Михайлович 58 жасқа толды. Бұл әйелдер үшін зейнетке шығатын жас болғандықтан, ақылды бағдарлама одан салық алуды тоқтатқан.

Жағдайдың мән-жайы 8 наурыз қарсаңында анықталғандықтан, бұл оқиға әріптестерінің әзіліне түрткі болды.

«Мұндай қателік жайлы білмедім. Енді ХҚКО қызметкерлері өз қаражатына жаңа құжат жасасын. Өйткені бұл олардың кінәсы ғой», – деді Юрий Михайлович.

Талқылау