Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде екі ай бойы комада жатқан 3 жасар қыз есін жиды


Ақтөбеде 3 жасар қыз бала балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатты. Оған штаммингоэнцефалит диагнозы қойылды. 

Ақтөбеде екі ай бойы комада жатқан 3 жасар қыз есін жиды

Бұл туралы «Мой город» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Қыздың бас миы зақымданған. Бұл дерт инфекция салдарынан болады. Дерт адам өліміне дейін әкеп соғады. 

«Бала тыныс ала алмады. Жасанды тыныс аппаратына таңылды. Үміт аз болса да, медбикелер баланың күтімін жасап отырды. Қазір қыз бала өзіне келе бастады. Көзін ашып, өздігінен тыныс ала бастады. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Жансақтау бөлімі ұжымының ғана емес, барлық аурухана қызметкерлерінің қуанышы», - дейді Ақтөбе стационарлық балалар ауруханасының басшысы Ерлан Сұлтангереев. 

Қазір қыз бала туыстарымен палатада жатыр. Олар дәрігер мен медбикенің бақылауында. Бала ем алу үстінде. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр