Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде дін атын жамылып сақал қойған нашақор дәулетті азаматтарды қорқытпақ болған

Ақтөбеде «Халил» лақап атын жамылған күдікті ұсталды. Ол сақал қойып, дін атын жамылып, Ақтөбенің қалталы азаматтарына шабуыл жасамақ болған.

Ақтөбе тәртіп сақшылары 25 жастағы жігітті ұстады. Одан аңшы қаруы мен оқ-дәрі, есірткі заттары табылды. Сонымен қатар, діни кітапша тәркіленді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, «Халил» атын жамылған күдікті Ақтөбенің қалталы азаматтарына шабуыл жасауды жоспарлаған. Қазір оған қатысты «Қаруды заңсыз пайдалану», «Есірткі заттарын заңсыз алып жүру» баптары бойынша тергеу басталды.

Жіберіп алмаңыз:

Діни хисса: Әйел тамақ пісіргенде қолына күміс тақса не болады

2019 жылдан бастап екі пән ағылшын тілінде оқытылады

Өскемендік жасөспірім «ерекше» қолдың иесі атанды

Талқылау