Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде дәрігерлер анасының кесірінен соқыр болып қалған сәбидің көзіне күрделі ота жасады

Ақтөбеде анасының қарауынсыз қалған бір жастағы зағип сәбиге алматылық дәрігерлер ота жасады. Олар бүлдіршіннің бір көзін сақтап қалуға үміт бар деп отыр.

Бұл туралы «Астана» арнасы хабарлайды.

Кішкентай Александр бүгін күрделі операциядан соң палатаға ауыстырылды. Бұған дейін жаңалықтарда ата-анасы ішкілікке салынып, жетімдер үйіне өткен зағип баланың аянышты тағдырын баяндалған еді. Материал эфирге шыққан соң Алматыдағы көз аурулары ғылыми зерттеу институтының дәрігерлері баланы Алматыға алдырды. Ришат Асқарбекұлы Сашаның жағдайын біліп келді.

Сәби Алматыға осы дүйсенбіде жеткізілген. Дәрігерлер тексерген соң баланың екі көзі де су қараңғы екенін анықтапты. Бірақ үміттерін үзбеген хирургтер ақылдаса келе, нәрестенің оң көзіндегі қасаң қабықты ауыстырған. Күрделі операция төрт сағатқа созылыпты.

«Консилиум жүргізіп, инситуттың ең тәжірибелі хирургтерімен бірге перспективасы бар бір көзіне операция жасауды тағайындадық. Бұл қасаң қабықтың керопластикасын алмастыру және көз бұршағын алып тасау операциясын жасадық. Операциядан кейін көзінің жағдайы қанағаттанарлық», – дейді көз аурулары ҒЗИ балалар бөлімінің меңгерушісі Лұқпан Оразбеков.

Дәрігерлер Сашаның екінші көзіне ота жасауға болмайтынын айтып отыр. Өйткені көз жанары семіп қалған.Оған туа біткен катаракта әсер еткен. Сондықтан мамандар ең құрығанда бір көзін сақтап қалуға әрекет етіп жатыр.

«Сәбидің көріп кетуі үшін біршама уақыт керек. Енді ол жарықты әлсіз болса да сезіне бастайды. Жаңадан салынған қасаң қабық бейімдеуден өтуі тиіс. Кәсіби маман ретінде қандай да бір болжам айтуға қорқып отырмын. Бірақ ұзақ процестен соң көріп кетеді деген үміт басым», – дейді көз аурулары ҒЗИ басқарма төрағасы Марат Сүлейменов.

Қазір сәби мейірбикелердің күтімінде. Көз аурулар инситутында ол бір ай ем қабылдайды.

Ақтөбелік құқық қорғаушылар баланың анасын жақында ата-ана құқығынан айырған болатын. Кішкентай Александрдан бөлек маскүнем әйелдің екі перзенті де балалар үйіне орналастырылған. Ал бір жасқа енді келген сәби оңалған соң ақтөбелік дәрігерлердің қарауында болады. Алматыдағы ғылыми зерттеу институт мамандары оның жанарын жарты жыл сайын тексеріп отырмақ.

Оқи отырыңыз:

Германиялық ер адам бүйрегін арзан бағаға ауыстыру үшін Шымкентке келді

Елімізде Үндістаннан келген туристер жаппай тексеріліп жатыр

Ақтөбеде жалақы алмаған тәрбиешілер білім бөліміне басып кірді 

Жалаңаштана шешініп тастап билеген қазақ жігіттер елдің ашуына тиді (видео) 

Талқылау