Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде дала өртін сөндіріп жүрген ауыл әкімі мен мұғалім қаза болды

Ақтөбе облысы, Сұлукөл ауылының әкімі мен мектеп мұғалімі далалық жерді шарпыған өртті сөндіру кезінде көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170906134828

Оқиға 4 қыркүйек күні Сұлукөл ауылынан 18 шақырым жерде болған. Қызыл жалынды өшірмек болған ауыл әкімі Батырбек Бірлепесов пен мұғалім Жолдыбек Әбдісәлімов қаза тапты.

“Тағы зардап шекккен екі адам ауруханаға жеткізілді. 39 жастағы мұғалім ауруханаға келген соң көз жұмды. Үшінші адам ем қабылдап жатыр. Оқиғаға байланысты сот медициналық сараптамасы жұмыс істеуде”, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.

Облыстық ішкі істер басқармасы Қылмыстық кодекстің “Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша іс қозғаған.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда мысықты тірідей өртеген адам іздестірілуде

Көкшетауда із-түссіз жоғалған 15 жастағы қыз ғашығымен бірге табылды

Алматыда топырақ астында қалған 18 жастағы жігітті ешкім құтқара алмады

Таразда елдің үрейін ұшырған қанішер адамдарды өлтіріп, денесін қала шетіне көміп кетіп отырған

Талқылау