Ақтөбеде басшысы мен көңілдесінің интимді қатынасын видеоға түсіріп 4 млн теңгеге бопсалаған

Сәрсенбі, 7 Қыркүйек , 2016 10:16

Ақтөбеде цех басшысы өзінің қол астындағы қызметкерімен көңілдес болып, өзге жұмысшысының пәтерінде кездесіп тұрады. Үй иесі басшысының көңілдесі кім екенін білмек ниетте үйіне жасырын камера орнатып қояды.

10734

Көрнекі сурет

Бұл туралы Диапазон хабарлайды.

Ақырында олардың интимді қатынасы видеоға түсіп қалады.

Видеожазба өзге біреулердің қолына түскен. Ерлан мен Берік есімді ер дам цех басшысына видеоны жіберіп, 4 миллион теңге бермесе барлығына жариялайтынын айтып қоқан-лоқы көрсеткен. Цех басшысы ондай қаражат бере алмайтынын айтан соң бопсалаушылар оның көңілдесіне хабарласыпты. Олар ақша бермеген жағдайда басшылығы мен отбасына хабарлайтындарын айтып қорқытқан.

4 миллион теңгені сол күйі тауып бере алмаған басшы полицияға хабарлайды. Сотта екі ер адам да кінәсін мойындап, түрмеге қамауларын өтінді. Олардың бірі егде жастағы ата-анасы барын айтса, екіншісі үш баласы барын айтып ақталды. Сот отырысында жәбіленуші оларды кешіріп, соттан қамауға алмауларын сұраған. Сот жәбірленушінің өтінішін ескере отырып, айыпталушыларды шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыздардың интимді фотосын ұрлап, желіге жариялаған хакер кінәсін мойындады

Қытайда қыздардың интимді фотосы кепілге алынып, несие беретін болған (фото)

АҚШ-та оқушысына интимдік суреттер жіберген мұғалім жұмыстан қуылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар