Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде боулинг ойнаған имамдар клубтағы шетелдік әнді өшіріп қазақтың күйін қостырды

Бүгін қаланың имамдары мен жамағаттары боулингтен жарыс өткізді. Оған қаланың бас имамы Амантай Садиев мұрындық болды.

IMG_6809

«Қаланың бас имамы болып тағайындалғаныма бес ай ғана толды. Осы уақыттың ішінде жамағат арасында күрестен, волейболдан, футболдан жарыс ұйымдастырып жүрдім. Сосын «боулингтен жарыс болып көрді ме» деп жамағаттан сұрадым. Олар ондай жарыстың бұрын-соңды болмағанын айтты. Бәрі қызығушылық таныта бастады», — деді Амантай Садиев, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

IMG_6796

Жарысқа қаланың 10 мешітінен, дін істері басқармасынан, «Аңсар» діни орталығынан жамағат қатысуда. Сондай-ақ, сауда-саттықпен айналысатын намазхандар да қатысуға тілек білдірді. Жалпы 17 команда бір-бірімен сынға түсті.

«Айта кететін жайт, боулинг клубының іші қап-қараңғы еді. Сосын шет мемлекетінің әуені шырқалып тұрды. Біз бұл жерді жарықтандырып, қазақтың күйін қостық», — дейді қаланың бас имамы.

Айта кетейік, өзге ағым өкілдері де жарысқа қатысуға ниет білдірген. Қала имамының айтуынша, осындай сайыстар діни ағымдар арасындағы айырмашылықты жояды, татулық пен ауызбіршілікке әкеледі.

Тағы да оқыңыз:

Сиви Махмұдидің бауыры: Өзімді байдың баласымын деп айта аламын

Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын

Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді

Талқылау