Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде білім саласын уысында ұстаған шенеунік тұтқындалды

Ақтөбеде жоғары шенді шенеунік тұтқынға алынды. Облыстық білім саласының басшысы пара алды деген күдікпен айыпталуда. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

1452749004_1-1

Сурет aktobetimes.kz

Коррупцияға қарсы қызметтің хабарлауынша, Әкімгерей Көшербаев аттестациядан сүрінбей өтулері үшін қалалық мектептерден ақша алып отырған. Қанша сома екенін мектептердің бірінде директорлық қызмет атқаратын әйелі арқылы жеткізген.

Ақша жинаудың бар ауыртпалығы қатардағы мұғалімдердің мойнына түскен. Алдын-ала деректер бойынша, жинаған пара көлемі 1 миллион 50 мың теңге ақшаны құрайды.

Талқылау