Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде би алаңында бойжеткен жанындағы қыздың мұрнын бұзған

33 жастағы зардапшегушінің мұрнындағы тыртық студенттер күнін тойлағанның белгісі ретінде өмір бойына қалып қойған,-деп хабарлайды  timeskz.kz сайты.

тобелес

Өткен жылдың қараша айында  кафеде кездесіп қалған екі бойжеткен аяқ асты келіспей қалған.

32 жастағы жұмыссыз әйел билеп жатқан қызға келіп, әдейі итеріп жіберген. Осыдан кейін өзі итерген қызға бірінші қабатқа түсуді бұйырған. Міне сол жерде оның бұрнын ұрып қанатқан. Оқиға болған кезде тек жәбірленуші ғана сыра ішкен болып шықты. Ал оған қол көтерген әйел ішімдік ішпеген.

Дәрігерлер 33 жастағы келіншекті тексере келе көзінің айналасы ауыр соққыдан қанталап кеткенін, мұрнын жарақаттап алғанын айтқан.

“Менің мұрнымның беткі қабаты сынды. Дәрігер үш іліп тігіп берді.Енді оның тыртығы өмір бойына қалады. Менің жаным қиналды, оның ұрысын естідім. Сондықтан 1 миллион көлемінде өтемақы талап етемін»,-дейді жәбірленуші.

Сот төрешісі Зинаида Шмирова жәбірленушіден емделу кезінде кеткен шығындарды дәлелдейтін қағаз сұрады.

Жәбірленуші дәріханадан айтарлықтай дәрі-дәрмектер сатып алғанын, бірақ чектерді жинамағанын айтады.

Айыпты өз кінәсін мойындап, мұрны сынған қыздан кешірім сұрады. Бірақ ол сұраған 1 миллион теңге өтемақыны төлемейтінін айтқан.

Оның адвокаты болса қорғауындағы азаматтың 11 жасар баланы жалғыз бағып отырғанын, өзі ата-анасының үйінде тұратынын айтқан.

Прокурор тәртіпсіз келіншекті екі жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

 

Талқылау