Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде бейтаныс жігіт алып қашқан қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақтөбеде қалыңдығына ерегіскен жігіт қыз алып қашпақ болған. 20 жастағы бойжеткенді ол мүлдем танымайтын болып шықты.

1500283062_20170717_104150

Оқиға 14 маусымда Арай-1 базарының маңында болған. Мемлекеттік айыптаушы А. Сәрсенбаевтың сөзінше, хромтаулық Санат Өмірзақовтың 4 жылдан бері сөйлесіп жүрген қалыңдығы болған. Екеуі сөз де байласқан. Алайда қыздың ата-анасы үйленулеріне қарсы болған. Сондықтан жігіт оны алып қашпақ болады. Тіпті, тойға адам шақырып, дайындалып та қояды. Алайда жеме-жемге келгенде қалыңдығы тұрмысқа шығудан бас тартқан, деп жазады kerek-info газеті.

Ашуланған жігіт бірінші кездескен қызды алып қашпақ болады. Оның бұл ойын досы да құптай кетеді. Ақыры екеуі алдымен сыра ішіп, кейін базар маңына барады. Сол жерде көңіліне ұнаған бейтаныс қызды көлікке күшпен мінгізіп, алып қашпақ болады.
-Сол күні бір шаруаларыммен базарға барған едім. Бейтаныс жігіт менен “Гүлімді танисың ба?”деп сұрады. Мен мән бермедім. Ал ол болса, мені белімнен құшақтап, артқа тарта бастады. Мен қарсыластым, айқайлап, жыладым. Тіпті, жерге отырып алмақ болдым.

Алғашқыда ойнап жатыр деп ойласа керек, ешкім көмекке келмеді. Ал ол мені көтеріп, автотұраққа апарды. Мені сол жерде тұрған көліктің артқы жағына отырғызбақ болды. Мен жартылай көліктің ішінде отырдым. Бірақ аяқ-қолымды машинаға тіреп, барынша қарсыластым. Адамдарды көмекке шақырдым. Ақыры базар күзетінің бастығы жүгіріп келді. Сол кезде жігіттер мені тастай салып, таксиге отырды. Кетіп қалмақ болды. Бірақ, халық жиналып, оларды да, такси жүргізушісін де ешқайда жібермеді. Полиция шақыртты, -дейді бойжеткен сот отырысы кезінде .

Тергеу органдары 21 жастағы жігіт пен оның досына ҚР қылмыстық кодексінің 125 бабының 2 бөлігі (“Адам ұрлау”) бойынша айып тағуда. Бұл бап бойынша, мүлкін тәркілеп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Белгілісі, “күйеу жігіт” “Казхром” ТҰК АҚ электр дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Ал оның досы Құдайберген Жұмажанов отбасылы, бір баласы бар. Екеуі де кінәсін мойындап отыр. Қыздан кешірім де сұрапты. Жәбірленушінің оларға қоятын талабы да жоқ. Сот отырысы кезінде айыптаушылар прокурормен процессуалдық келісім жасауға өтініш берді.

Тағы да оқыңыз:

Ер адам жазықсыз өлім жазасына кесіліп 46 жылдан соң түрмеден ақталып шықты (фото)

Швейцарияда мұздықтан 75 жыл бұрын жоғалып кеткен ерлі-зайыпты жұп табылды (фото)

Сал ауруына шалдыққан тараздық бала мүгедектерге қажетті бағдарлама ойлап тапты

Талқылау