Ақтөбеде белгісіз қайырымды адам үйсіз жүрген әйелге пәтер сыйлады

Бейсенбі, 20 Қазан , 2016 8:03

Алға қаласында белгісіз қайырымды жан үй-күйсіз жүрген әйел мен оның немересіне пәтер сатып алып берді.

454545

Бұл туралы “Эврика” хабарлайды.

52 жастағы Антонина Плечкова ұзақ жылдар бойы үйсіз жүрген. Ол егде адамдарға қарап, тапқан табысын жалға берушіге беріп отырған. Әйелдің күйеу мен балалары жоқ. Жалғыз ұлы 10 жыл бұрын қайтыс болыпты. Ал келіні болса үш айлық баласынан бас тартып кетіп қалған.

Қыркүйек айының аяғында әйел “Нұр Отан” партиясының аудандық филиалына өтініш береді. Ол немересіне қамқорлық жасау мәселесін рәсімдеуді, бірақ үйі жоқ болғандықтан бұл қиынға соғатынын айтады.

“Алғада үш мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Сол себепті біз оның жағдайын әлеуметтік желіде жарияладық. Ол жерден демеуші табыла кетті. Ол Алғаға келіп 17 пәтерді қарап, Плечкова таңдаған үйді 1,8 миллион теңгеге сатып алды. Отбасына бақыт тілеп, демеуші кетіп қалды. Атын атамауды сұрады”, – дейді Алға аудандық “Нұр Отан” партиясы филиалы төрағасының орынбасары Амангелді Сейдәлиев.

Партия мүшелері жаңа қонысқа теледидар, жиһаздар, төсек орындар тарту еткен. Максим оқитын мектеп те үйге көмек көрсетіпті.

Оқи отырыңыз:

Алматыда қымбат фотоаппаратын алып шыққан жас жігіт жоғалып кетті

Баян Мақсатқызы өзін өлтірмек болды деп айыпталған күйеуін толықтай кешірді

Ресейлік «Братья Грим» тобының бұрынғы әншісі жынысын ауыстырмақ

Жапония өзі қозғалатын әрі тірі адамнан айнымайтын қыз жасап шығарды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар