Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде бақ ішінен басы жоқ адам денесі табылды

6 шілде күні Ақтөбеде 53 жастағы әйел жеміс теріп жүріп, басы жоқ адам денесін тауып алды.

Адам мәйіті сүйектенуге айналған. Бірақ сүйектің басы жоқ болып шықты. Әйел бірден полицияға хабар берді, деп жазады aktobetimes.kz.

Полицейлер мәйітті тексере келе бірнеше шұлық, қысқы етік, қысқа күрте мен тоқылған бас киім және 10 мың теңге тапты.

«Мәйіттің кім екені әлі анықталған жоқ. Сараптама тағайындалды», – дейді ІІД-де.

ІІД мәйіттің басы жоқ болды деген ақпаратты жоққа шығаған жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау