Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде азамат жедел жәрдемнің фельдшерін соқпақшы болды

Ақтөбеде науқас әйелдің жолдасы жедел жәрдем станциясының фельдшерін кешіккені үшін ұрмақшы болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақтөбе орталығынан 15-20 шақырым жерде Құрайлы ауылы орналасқан. Ауыл тұрғыны науқас әйеліне жедел жәрдем шақыртқан. Алайда ер адам жедел жәрдем келісімен оларға ашуланып, балағат сөздермен ұрысқан.

Тіпті, фельдшердің науқасты тексеру кезінде ер адамның  шабуылынан қорғанған. Айғай-шудан 50 жасар әйелдің жағдайы нашарлаған. Оның қан қысымы 200-ге дейін көтерілген. Содан дәрігерлер ер адамды тыныштандыруға тырысқан Бірақ ол бірнеше рет шабуыл жасап, фельдшерді ұрмақшы болған. Сөйтіп, ашуға булыққан ер адамды санитар ұстаған.

Фельдшер жедел жәрдем станциясына жеткеннен кейін полицияға шағымданған. Қазір оқиғаның мән-жайынанықтап жатыр.

Артынан жедел жәрдем қызметі 2 сағат кешігіп келгені анықталды. Дегенмен бригада кінәсі жоқтығын, әрі науқасқа  22 минут жеткендігін айтты.

 

Талқылау