Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде сүйіктісімен ренжіскен жігіт оның жалаңаш суреттерін интернетке жариялаған

Ақтөбеде қызымен ренжісіп қалған жігіт ашуланып оның жалаңаш түскен суреттерін әлеуметтік желіге жариялап  жібереді. Мұндай қысымға шыдамаған қыз өзін өлтіруге бел байлап, қалалық прокуратураның жанында екі қорап таблетканы ішіп салған. Ол сол мекемеге барып жігітінің үстінен шағым білдірмекші болыпты. Оқиға бұдан кейін тіпті күрделене түседі.

8f8efb8ee095d3a54dfa50dc31b133b6

Сурет jpnanren.com

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

24 жастағы Бижан (аты-жөндері өзгертілді) Әселмен бір жылдай кездескен. Жігіт оны үнемі қызғанып, күдіктеніп жүреді екен. Осы әрекетінен қажыған Әсел оған азаматтық некеден ажырасуды ұсынады. Әйелдің бұл қылығына ашуланған жігіт, Әселдің суреттерін “ВКонтакте” желісіндегі “Курицы Актобе” тобына жариялап  жібереді. Сөйтіп оның сілтемесін Әселге,ортақ таныстарына жібереді.

Әйел прокуратураға жете бергенде уайымдағаннан басы айналған. Қарсы беттегі дәріханадан дәрі алып ішкен. Көлігіне келіп отырған кезде болған жайтты тағы ойлап, уайымдап өлмекші болады. Көлігінде отырып осындай жағдайға душар еткен азаматтық некедегі күйеуі екенін де қағазға жазады.  Осыдан кейін қолындағы екі қорап дәріні бірден ішіп алады. Оның прокуратураға кеткенін білетін құрбысы Әселді іздеп құзырлы мекеме алдына келеді. Құрбысының көлігін көріп жақындап қарағанда Әселдің ес-түссіз жатқанын көреді. Дереу жедел жәрдем  шақырған ол қызды аман алып қалады. Ал полицейлер әйелдің хатын тауып алып, басты күдікті ретінде Бижанды танып, қылмыстық іс қозғаған.

Ауруханадан шыққан соң Бижан онымен кездесіп, кешірім бердім деген хатты полицияға жазуын талап етеді. Қарсылық білдірген Әселді қаланың сыртына алып келіп тепкілеп, ұрып, шашынан жұлқып, телефон камерасына “ешкімді кінәламайтындығыңды” айт деп қинайды. Бұдан соң бет-аузы көгерген Әселді қойшылар ауылына әкеліп жасырмақшы болады.

Әселді Бижан досының көлігіне отырғызып, өзі оны басқарады. Артқы орындықта жатқан планшет арқылы Әсел  жлда анасына хат жазған. Қыздың анасы полицияға хабар беріп екеуін жолда тәртіп сақшылары ұстайды.

Тәртіп сақшылары Бижанды тұтқындап, Әселді ауруханаға жеткізді. Әбден таяқ жеген Әсел бірнеше жерінен ауыр жарақат алыпты. Тіпті үш қабырғасы сынып кеткен.Қазір  Бижанның әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр.

Талқылау