Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде автобус жолаушысы әйелдердің ұрысынан көз жұмды

Ақтөбеде 60 жастағы ер адам автобуста жанжалдасқан екі әйелге басу айтам деп өзі мерт болды.

Ақтөбеде автобус жолаушысы әйелдердің ұрысынан көз жұмды

15 қазан күні №29 автобуста жолаушылар арасында жанжал туады. Ер адам дауласып қалған әйелдерді сабырға шақырады. Басқаларға кедергі болма үшін сыртқа шығып жанжалдасуын сұрайды, деп жазады Диапазон.

Автобус тоқтаған уақытта жолаушылар ер адамның жүзі солғынданып, өзін нашар сезінгенін байқайды. Жедел жәрдем қызметін шақырып, алғашқы көмек көрсетпек болады. Жедел жәрдем қызметкерлері жолаушыларды сыртқа шығарып, ер адамды арашаламақ болады. Алайда оны аман алып қала алмады. Автобуста 15 шақты жолаушы болған. Көлік ішінде ауа жоқ, әрі адамдар салонда сыйыспай жүріп келген.

Кейінірек марқұм болған 60 жастағы ер адамның жақында ауруханадан шығарылғаны, инфаркт алып есепте тұрғаны анықталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау