Ақтөбеде автобус жолаушылары терезе арқылы шығуға мәжбүр болды
Ақтөбеде 21-ші бағыт автобусының жолаушылары, қоғамдық көлік көше ортасында батып қалғаннан кейін терезе арқылы сыртқа шығуға мәжбүр болды.
Сурет Youtube
Куәгерлер түсіріп алған бейнежазба zello_aktobe Инстаграм парақшасында жарияланды.
“8 наурыз. Гипермаркетке қарама-қарсы жол жабылып қалып, көліктер айналып өтіп жатыр. Автобус батып қалды, адамдар терезе арқылы шығуда”, – деп жазылған ролик түсіндірмесінде.
Сурет Инстаграм
Тиісінше, желі қолданушылары дәл осы бейнежазбаны әкімшілік өкілдері көруі тиіс деген пікір білдірген.
“Бізде бәрі көзбояушылық ғана. Ал кәрі кісілер терезеден қалай шығады. Бұл нағыз сұмдық”, – деп жазады пікір қалдырған қолданушы.
Талқылау