Ақтөбеде автобус кондукторы 20 теңге үшін полиция шақырып, жолаушыны ұстатып жіберген

Ақтөбеде автобус жүргізушісі мен кондукторы жолақысын 20 теңгеге кем төлеген жолаушы үшін полиция шақырып, автобуста тұрған жерінен ұстатып жіберіпті. Жамал Төлеубаеваның айтуынша, сол кезде қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болыпты. Алайда тәртіп сақшылары оны полиция бөлімшесіне алып кеткен.

Ақтөбеде автобус кондукторы 20 теңге үшін полиция шақырып, жолаушыны ұстатып жіберген

Бірер күн болған оқиғадан Жамал Төлеуова әлі ес жия алар емес. Айтуынша, ол қоғамдық көлікке мінгеннен кейін жолақысын төлегенде 20 теңгесін жеткізбей беріпті. Осы әрекетім кондукторға ұнамай қалса керек, сол жерде жанжал туындап, мені автобустан шығармай, полиция шақыртты, дейді. Елуден асқан шағымда 20 теңге үшін бүкіл елдің алдында масқара болдым деген әйел кондуктордың бұл ісіне қапалы. Жолақысын төлеуге ақшасы жетпеген жолаушыға зәбір көрсете берсе, неміз қалады, деп ашынады ақтөбелік тұрғын, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.

«Жиырма теңге үшін мені осылай ұстап, алып бара жатыр. Сонда менің денсаулығым, өмірім 20 теңгеден арзан ба? Мені ұстап, алып қалуына қандай құқығы бар? Менің қалтамда ақша жоқ шығар. Полиция бөлімшесіне алып кетпек болды. Сол кезде: «Тұра тұр, мен ауырып тұрмын. Жедел жәрдем келе жатыр. Басыма қан құйылып кетсе не істейсің?» – дедім. Олар жедел жәрдемнің сол жаққа келетінін айтып, ештеңеге қарамай, жүргізушімен бірге мені қылмыскер сияқты ұстап алып кетті», – дейді Жамал Төлеуова.

Ақтөбеде жол жүру ақысы 80 теңгеге көтерілсе де, қоғамдық көліктерде не жағдай, не мәдениеттілік жоқ, дейді ашынған әйел.

Ал «Автопарк» ЖШС-ндағылар болса жолаушыға дөрекілік танытқан кондуторға қызметтік тексеріс жүргіземіз деп отыр. Сөздерінше, қоғамдық көліктерге көңілі толмаған тұрғындардан күнделікті 100-ге жуық арыз-шағым түседі екен.

«Қазақта «Бес саусақ бірдей емес» деп айтады ғой. Әрине, біз жүргізушіге автобуста шылым шегіңдер, телефонмен сөйлесіңдер немесе кондукторға білгендеріңді істеңдер деп айтпаймыз. Құқық қорғау органдарының шешіміне сәйкес шара қолданамыз», – дейді «Автопарк» ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов.

20 теңге үшін бөлімшеге дейін сүйретілген тұрғын жүргізуші мен кондуктордың үстінен арызданбақ ниетте.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр