Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде автобус аялдамасы әйелді басып қалды

Ақтөбеде қатты соққан жел автобус аялдамасын қиратты. Ол ескі аялдама орнына тұрғызылғанымен, қатырылмаған. Құрылым 49 жастағы әйелдің үстіне құлаған. Дәрігерлер оның омыртқасы сынды деген диагноз қойылды, деп хабарлайды   Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Ақтөбеде автобус аялдамасы әйелді басып қалды

«Мені отырғанда басып қалды, сондықтан да омыртқам екі жерден сынған шығар. Екінші-үшінші. Белім қатты ауырады және көп жерлерімде қан ұйып қалған», – дейді зардап шеккен әйел Сәния Сафина.

Қазір ол жерде аялдама жоқ. Куәгерлердің айтуынша, оны оқиға болғаннан кейін алып тастаған. Жөндеу жұмыстары ретімен жасалып жатыр. Оқиға алдында Сәния Сафина және оның 19 және 9 жастағы екі ұлдары аялдамада автобус күтіп тұрған. Жел басталып, сол арада аялдаманы құлатып тастаған. Үлкен ұлы анасына көмектесіп, құрылымды көтерген.

Ендігі жалғыз басты анаға уақытын ауруханада екі ай көлемінде өткізуге тура келеді. Омыртқасы қалпына келетінін де дәрігерлер нақты айта алмай отыр. Ол Ол ауруханадан шыққанша балаларын кім асырайды және емдеу шараларын кім төлейді деген сұрақ бүгінгі таңда басты болып тұр. Бұл сұраққа шенеуніктерде жауап беруге дайын емес: көлік басқармасында уақытымыз тапшы деп ақталып жауап қатудан бас тартты.

 

 

Талқылау