Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі атыста қаза тапқан тұрғындардың есімдері анықталды

Ақтөбеде 5 маусымда лаңкестік салдарынан қаза тапқан 7 адам – бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілердің есімдері белгілі болды.

20160607143216 (1)

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ернұр Бұраханның айтуынша, қаза тапқандар:

– «Паллада»  дүкенінің сатушысы Андрей Владимирович Максименко 1978 жылы туған.

– Зейнеткер Николай Алексеевич Онищенко 1947 жылы туылған  («Паллада» маңынан өтіп бара жатқан).

– «Күзет»  қызметінің қызметкері Мерхан Есенбайұлы Тәжібаев 1983 жылы туған.

– «Пантера» дүкеніне келуші Михаил Витальевич Матросов 1981 жылы туған.

– Әскери қызметші Сапар Досбол Еркінбекұлы ОҚО тумасы, 1997 жылы туған.

– Әскери қызметші Майлыбаев Даниэль Ақарысұлы, алматылық, 1975 жылы туған.

– Әскери қызметші  Қалиев Берік Ерланұлы, оралдық, 1978 жылы туған.

Ақтөбеде 5 маусым күні атыс болып, құқық қорғау қызметкерлерінің қаза тапқанын, қайтыс болған әскери қызметкердің артында 4 баласы қалғанын хабарлаған едік. Ақтөбеде қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағандар бейнебақылау камерасына түсіп қалған (видео)

 

Талқылау