Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ата-аналар жаңадан келген оқушы үшін мектеп әкімшілігіне бойкот жариялады

Бүгін №25 орта мектепте жанжал шықты. 2 «Г» сыныбының ата-аналары сыныпқа жаңадан келген оқушының сабаққа қатысуына қарсылық танытты, – деп хабарлайды timeskz.kz.

Олар мектеп директорына хат жазып, ультиматум қойды – жаңадан келген оқушы сыныптан кетпейінше, балалары сабаққа қатыспайды.

«Біздің сыныпта жайсыз оқиға орын алды. Биыл сыныбымызға жаңа оқушы келген. Біз балаларымыздың жаңадан келген оқушы сияқты мұғалімдер мен оқушылардың сөмкесін ақтарып, мұғалімдермен ұрсысып, тіпті, ұрып, сабақ уақытында бей-берекет жүріп, басқа оқушылардың заттарын лақтырғанын қаламаймыз», – деп жазады ата-аналар хатта.

Олардың айтуынша, жаңадан келген оқушының анасынан сабаққа қатысып, баласын қадағалауын сұраған. Бірақ мұның өзі жағдайды өзгерте алмады.

«Бұл бала сабақ уақытында партаға шығып алып, секіре алады. Мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – аласа бойлы адам. Жаңадан келген оқушы оны бетінен тепкен», – дейді ата-аналардың бірі.

Оқушының анасы тілшілерге берген сұхбатында баласына «зейін жетіспеушілігі» диагнозы қойылғанын түсіндірді. Ал мұғалімдердің бірі оқушының иығын сындырғанын айтып шағымданған.

«Мен ұлымды 5 жасынан бері емдеп келемін. Біз күнара бассейнге барамыз. Ол невропатологтың бақылауында, ем алып тұрады. ПМПК комиссиясы ұлыма үйде емес, мектепте білім алуға кеңес берді. Дәрігерлер соны дұрыс көреді», – дейді жаңадан келген оқушының анасы.

№25 мектеп директоры Шолпан Баяділова мектепте ерекше білім беруді қажет ететін 8 оқушы оқитынын айтты. Ол министрліктің инклюзивті білім беру бойыша нұсқауына байланысты.

«Мұндай баламен бірінші рет ұшырасып отырмыз. Мен қазір екі оттың арасында қалдым. Ата-аналарға да, балаға да, мұғалімдерге де жаным ашиды. Ата-аналармен келісімге келгеннен кейін, оқушылар сабаққа қатыстыра алдық. Қазір оқушыны бұрын оқыған «В» сыныбына ауыстыру мәселесі шешіліп жатыр», – дейді мектеп директоры.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы полициясы бір жасар баласын көшеге тастап кеткен әйелді тапты

Ақмолалық азамат өзгенің әйелімен төсектес болған ауылдасын бопсалаған

Алматыда анасы бір жасар баласын түнде далаға тастап кеткен

Супермаркет күзетшісімен болған жанжалдан кейін балаға дәрігердің көмегі қажет болды

Талқылау