Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде дүкенге кеткен әйел үйіне қайтып келгенде балаларын өлі күйде тапты

Ақтөбеде салдарынан екі бала мерт болған өрттің себебі анықталды. Тергеу мәліметі бойынша, өрт асүйдегі газ пеші өрте себеп болыпты. Үйдегі ересектер пешті қосып, қыздарды пәтерде жалғыз қалдырып кеткен. Салдарынан балалар иіс тиіп қайтыс болды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбеде асүйдегі газ пештің кесірінен екі бала көз жұмды

Нұсқалардың біріне сәйкес, балалардың анасы асүйдегі газ пеште тамақ дайындап жатып, дүкенге шығып кеткен. Оқиғаның әрі қарай қалай өрбігені тергеу барысында анықталады. Газ пештегі ас күйіп кетіп, салдарынан пәтер түтіндеген болуы мүмкін. Ал екі және алты жастағы бүлдіршіндердің денесі асүйден табылған еді.

Бүгінде өрт фактісі бойынша сараптамалар тағайындалды.

«Біз бәрін көрдік. Қыздардың анасы біресе жедел жәрдем көлігіне, біресе үйге қарай жүгіріп жүрді. Әрине, өте сұмдық жағдай. Ата-анасы үшін үлкен қайғы», – дейді тұрғындардың бірі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау