Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде “Арлан” арнайы жасағы командирінің орынбасары тұтқынға алынды

Ақтқбе қаласында облыстық Ішкі істер департаментіне қарайтын "Арлан" арнайы жасағы командирінің орынбасары тұтқындалды.

b8ab4be1aed7cb7711dfc0bee4c01527-small
Сурет forbes.kz
Бұл туралы "Диапазон" хабарлайды. 28 жастағы Кенжеғали Бүркітов қоғамдық тәртіпті күзету және төтенше жағдайдағы қауіпсіздік пен қарулы қақтығыс мәселелеріне жауапты болған. Тергеу бойынша 2013 жылдың шілдесі мен 2016 жылдың сәуір айы аралығында облыс аумағында бірнеше адам облыстағы кеніштерден мұнай ұрлаумен айналысқан. Жалған құжаттар арқылы оны тасымалдап, сатқан. 2016 жылы қыста Бүркітов ақшалай сыйлық алып ұрлықшылардың артын жаппақ болған. Ол ұрланған мұнай тиелген жүк көліктерін кедергісіз өткізіп жіберуді қамтамасыз етпекші болыпты. Іс материалдары бойынша, Бүркітов бұл қызметі үшін айына 2 миллион теңге беруін сұраған. Мұнай тиелген КамАЗ-дар Темір ауданы, Ақтөбе және Ақжар-1 қоймаларынан шыққан. Бүркітов тағылған кінәні мойындамады. Сонымен қатар, ІІД жол-патрулдік полициясы рота қызметкері 26 жастағы Әділжан Елеусізов те тұтқында екен. Елеусізов те мұнай ұрлаушыларға көмектескен. 14 маусым күні сот Мирболат Нияровтың тұтқындағы уақытын ұзартты. Тергеу бойынша, Нияров ұрланған мұнайды сақтайтын қойманы жабдықтаған. Ол қойма өз әкесінің бақшасында орналасыпты. Тергеу ісі жалғасып жатыр.
Талқылау