Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде апатқа ұшыраған автобус жүргізушісі туыстарына видео жолдаған

Ажалды автобусты Қырғызбаев Нұржан мен Пернебеков Мақсат кезектесіп жүргізген. Ал Таңатов Барат есімді жолаушы Ресейге көлік алуға бара жатқан. Автобус Арал маңынан өткенде жүргізуші Мақсат Пернебеков телефон арқылы туыстарына видео жолдапты.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Мақсат күннің суық екенін, тоңып келе жатқандарын айтқан. Бұл жазбаны ол шамамен апаттан екі-үш сағаттай бұрын жазған.

“Аралдан өттік. Ырғызға 170 километр қалды. 40 градус аяз боп жатыр. Даже қырықтан көп. Міне, отырған отырысымыз. Куртканың сыртынан куртка киіп алып отырмыз. Бала-шағаның нәпәқасын табу біздікі, бала-шағаны қайтсек бақсақ деп. Жол гололед, спидометр 50-де. Су 60-та”, – деген болатын видеода жүргізуші Мақсат Пернебеков.

Туыстарына видео сәлем жолдаған жүргізуші қасында серігі әңгіме айтып отырғанын да жеткізіпті. Осыдан шамамен 3 сағат өткеннен кейін  автобус тұтастай өртеніп кетті. Дизель отынымен жүретін бұл автобустың жанармай багы 600 литр. Көліктің алдыңғы бөлігінде, жүргізуші орындығының тұсында екі жағында орналасқан. 100 шақырымға 30 литр шамасында отын жаққанда бак толы жанармай 2000 шақырымға жету керек.

Жіберіп алмаңыз:

 

Талқылау