Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде алғаш рет бауыр ауыстыру операциясы жасалды

Ақтөбеде алғаш рет жасалған бауыр ауыстыру операциясы сәтті өтті. Оңтүстік Кореядан келген профессор Вонг Ли сырқаттың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты. 38 жастағы әйелге 10 жыл бұрын бауыр циррозы диагнозы қойылып, ауруы асқынып кеткен еді.

surgeons in operative room

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

25 жастағы інісі бауырының бір бөлігін беріп, әпкесін құтқарып қалды. «Қазір донордың жағдайы жақсы, 1 аптада аяғынан тұрып кетеді», – дейді хирург. Операция жасалған әйел адам біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болады. Кореялық профессор Қазақстандағы тумалық қарым-қатынастың беріктігін тілге тиек етті. Бұған дейін де ағайындылардың бір-біріне донор болған кездері болды. Бұл күрделі операцияны жасау үшін ақтөбелік дәрігерлер ұзақ дайындалды. Арнайы жабдықтар алынып, дәрігерлер білімдерін жетілдіріп келді.

“Бұған үлкен дайындық жүрді, соның ішінде салынған үлкен ғимарат пен құрал-жабдықтар бар. Өздеріңіз білесіздер, осы клиника Президенттің жарлығымен «100 аурухана, 100 мектеп» аясында салынған. Ақтөбеліктердің, оның ішінде Батыс өңірінің осындай күрделі медициналық көмек алуға қолы жетті”, дейді Ұлттық медициналық орталық жанындағы трансплантология орталығының жетекшісі Жақсылық Досқалиев.

Талқылау