Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде алаяқтар жалған құжатпен 17 жер учаскесін сатып жіберген

Ақтөбеде екі жылдың ішінде алаяқтар жалған құжатпен 17 жер учаскесін сатып жіберген. Бұл туралы Ақтөбенің жер қатынастары бөлімінің өзі тұрғындарға кезегімен жер беріп жатқанда бірақ біліпті. Дегенмен құзырлы органдар жерді заңсыз сатып келгендер туралы әзірге жақ ашпай отыр. Олдардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де болуы мүмкін. Қазір осы іс бойынша тексеру басталды.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Мемлекеттен тегін берілетін жер теліміне қол жеткізе алмай жүрген ақтөбеліктердің дені сонау 2000 жылдары кезекке тұрғандар. Солардың бірі Сәбит Құрманов. Осыдан он бір жыл бұрын жер кезегіне тұрған ол әкімшіліктің табалдырығын тоздырып шаршадым дейді.

«Сол жердің шаруасымен жүрміз. Тез дегенде енді 11 жыл күттік қой енді. 11 жыл дегенде. 2006 мен 2017 санасаңыз 11 жыл ғой. 11 жыл дегенде алып жатырмыз», – дейді Сәбит Құрманов.

Алайда жерді біреулер он бір жыл күтсе, енді біреулер пысықайлардың арқасында телімге тез қол жеткізулері мүмкін. Қалалық жер қатынастар бөлімі соңғы екі жылдан бері сондай алаяқтардың заңсыз жерді сатып келгендерін енді ғана біліпті.  Айтуынша, олар жалған құжат жасау арқылы мемлекетке тиесілі жерді тұрғындарға заңсыз сатып келген. Сондай – ақ, мамандар көшеде жүріп «жер алып беруге көмектесеміз» деп қарапайым халықтың сеніміне кіретін алаяқтардың барын да жоққа шығармайды.

«Кезегіне сәйкес жерді беріп жатырмыз. Сол беріліп келе жатқан кезде ол жер бос емес деп шықты. Сосын біздің өзіміздің ақпаратымыз бойынша, базамыз бойынша бос тұрған жер. Соның бәрін егжейлі – тегжейлі қарап келген кезде осындай бір артында түсініксіз жалған құжаттардың бар болып шықты. Сол ізбен тексеріп, жеті жағдайды анықтап шықтық», – дейді Ақтөбе қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев.

Жеті жағдай деп отырғаны биылғы жайттар. Ал 2016 жылы осындай жалған құжатпен он жер сатылып кеткен. Қазір заңсыз жолмен берілді деген жер учаскелері базаға қайта тіркеуге алынып, кезекте тұрғандарға қайта рәсімделетін болады. Дегенмен, мамандар жерді заңсыз иемденген күдіктілер туралы жақ ашпады. Тек істің құзырлы органдарға жолданып, қазіргі күні тергеу амалдарының жүріп жатқандығын ғана айтты. Естеріңізге салсақ, Ақтөбеде көп жылдан бері тұрып қалған жер беру науқаны тек өткен жылы ғана басталған еді. Қазіргі күні кезекте тұрған 127 000 ақтөбеліктің тек 10 000 – ға жуығы ғана жер алып үлгеріпті.

Жіберіп алмаңыз:

Шекaра күзетшілері мен тұрғындардың төбелесінен кейін, бір адам қамауға алынды

Солтүстіктің бас сәулетшісі парамен ұсталды

Таразда дәрігерлердің кесірінен 7 айлық сәби мүгедек болып қалған

ОҚО-дағы орталық мешітте Құран кітабы дәретхана қағазы ретінде пайдаланылып келген

Талқылау