Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ақсақалдың батасын алудан қашатын жастар көбейген

Мұны имамдар теріс діни ағымдардың ықпалы деп отыр. Дін мен дәстүрді бөле қараушылар тілек айтып, бет сипауды шариғатқа қайшы деп түсінеді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Buxk3pb6dhU

Сурет vk.com

Сондықтан мешіт өкілдері мекере қарсаңында батагөйлер байқауын ұйымдастырып, ұлттық құныдылықтарды уағыздады.

Ақтөбе имамдары ас қайырмай жатып тұра жөнелетін жастардың қылығына өкпелі. Өйткені, көбісінде бата алу дінге қарсы деген ұғым қалыптасқан. Әсіресе, теріс ағымдағылар ұлттық дәстүрге қарсы уағызды үдетіп бара жатыр екен. Ал молдалар бата алудың еш сөкеттігі жоқ, керісінше парыз екенін айтады.

“Қазір жиі естисіздер бата деген бұл қарсы нәрсе шариғатта жоқ, бидағат деген сынды сөздер айтылып жатады. Сондықтан бұның шариғатқа еш қатысы жоқ. Мүмкін, шариғаттың ішіндегі үлкен қадірлі, аса қасиетті біздің қазақ құндылықты дүниелерінің бірі екенін алға тартуға болады”, – дейді имам Нұрлан Байжігітұлы.

Ақтөбелік мешіт имамдары батаның қадірін арттыру үшін ақсақалдар арасында байқау жариялады. Бірақ батагөй қарттардың азайып бара жатқаны қынжылтады. Өйткені көбінің құр тілек айтып, бет сипай салатыны жасырын емес.

“Бата білу парыз. Бұл үлкен адамдардан жастардың бата тілеуі орынды. Көпшілік жерлерде, жиын-тойларда, садақаларда бата бер деп білікті, үлкен ақсақалдардан тілейді. Сондай жерлерде өзінің орнымен берген батаның үлкен мәні зор”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Қабдеш Қуандық.

Сайыс емес байқау болғандықтан, қатысушылардың барлығына шағын сыйлықтар үлестірілді. Ал келесі жылғы осындай шараға батаның кем дегенде жиырма түрін білетін ақсақалдар ғана қатыстырылмақ.

Талқылау