Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жылдан бері зорлаған: Ақтөбеде 12 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып шықты

Ақтөбеде ер адам кәмелетке толмаған туған қызын екі-үш жыл бойы зорлап келген. 

https://stan.kz/almatilik-oris-kizi-tusinde-almerek-atadan-ayan-alip-auruinan-ayikkanin-aytti-314208/

Отбасылардағы балалардың сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырау фактілері туралы бүгін Ақтөбе облыстық сотының жаңа төрағасы Сәкен Абдолла баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Ақтөбе облысында екі оқиға болды. Әкесі 2-3 жыл бойы 12-13 жастағы қызын зорлаған. Екінші жағдайда, ағасы қарындасын зорлаған. Бұл факт тек қана қыздың жүкті екені белгілі болғанда анықталды. Оны мектеп мұғалімі байқаған. Әрине, бұрындары өгей әкенің қыз зорлағанын анықтағанбыз. Ал екі-үш жыл әкесінің қызын зорлағаны не ағасының 12 жасар қарындасын зорлағаны анықталып жатса, қоғамымыз қайда бара жатқаны туралы ойлану керек екенін білдіреді", - деді Абдолла.

Сондай-ақ, Сәкен Абдолла ата-аналарға балаларды тәрбиелеу мәселелеріне неғұрлым мұқият болуға кеңес берді.

"Мен бала мен қыздың әр бөлмеде ұйықтағаны дұрыс деп ойлаймын. Ата-аналар балаларын мұқият бақылап, мінез-құлқындағы өзгерістерді сезінуі керек. Балаға, ең алдымен, ата-анасына барлық жаман нәрселерді айта алатынындай мейірімді болыңыз. Балалар ата-анасынан жазаланудан қорқып, қиындықтары туралы айтпайды", - деді ол.

Талқылау